ӨзА Қазақ

10.06.2020 Басып шығару нұсқасы

COVID-19: +103 вирус жұқтырғандар саны тағы артты

COVID-19: +103 вирус жұқтырғандар саны тағы артты

10 маусым күнгі ДСМ-нің кешкі қорытынды ақпаратына сай республикада тағы 103 коронавирус жұқтырғандық жағдайы тіркелген.

Жаңадан індет жұқтырған жандардың 64 карантиндік аймақтан, 27 халық арасында, 12 шетелден келгендер екені белгілі болды. Қазіргі уақытта жалпы індет жұқтырған көрсеткіш 4623-ке жеткен.

Сонымен қатар бүгін ел аумағында 73 азамат аурудан сауығып шықты. Олардың қатары бүгінде 3532-ні құрауда. Ал 19 кісі өкінішке орай аурудан көз жұмды.

Ендігі кезекте ауруханада 1072 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда, олардың арасында 8 азаматтың жағдайы ауыр, біреуі өте ауыр халде екені хабарланған.

2 474
ӨзА