ӨзА Қазақ

21.06.2019 11:51 Басып шығару нұсқасы

CAREC-2019: кедендік ынтымақтастық туралы Өзбекстан бастамасы бекітілді

CAREC-2019: кедендік ынтымақтастық туралы Өзбекстан бастамасы бекітілді

Ташкент қаласында 20 маусым күні Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (CAREC) Кедендік ынтымақтастық комитетінің он сегізінші мәжілісі өтті.

Онда Өзбекстан, Ауғанстан, Грузия, Монғолия, Қырғызстан, Қазақстан, Әзірбайжан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қытай делегациялары, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымы мен Азия даму банкінің өкілдері қатысты.

CAREC бағдарламасы 1997 жылы Азия даму банкінің бастамасымен Азия елдерінің кедендік аумағында аймақтық және көп жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін құрылған. Бүгінде бұл ұйымға 11 ел мүше. CAREC бағдарламасы Кедендік бақылауды және тіркеу процестерін жаңғыртудан тыс бақылау-өткізу пункттері, шекаралық қызметтерін жеделдету, автомобиль және темір жолдар, әуе транспортын дамыту сияқты салаларда жұмыс істеп келуде.

Жиында, Өзбекстан тарапы CAREC-ке мүше-мемлекеттердің кедендік қызметтері арасында бірыңғай ақпараттық жүйені енгізуге бастамасын көтерді. Бұл бастама CAREC-ке мүше мемлекеттердің бірыңғай платформада, тасымалдаушылардың тізімін жасау, электрондық құжат айналымын ұйымдастыру және кәсіпкерлер үшін жеке кабинет құру болып табылады. Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы кеден органдары мемлекеттік шекараны кесіп өтетін тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпаратты алдын ала біліп отырады. Бұл өз кезегінде, кәсіпкерлерге шекарадан өтуге және олардың қаржылық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

7.jpg

Бұл бастамалар CAREC-ке мүше елдердің кедендік қызметтері тарапынан мақұлданды. Тәжікстан, Пәкістан, Қытай, Әзербайжан, Ауғанстан өкілдері өз елдеріндегі кеден саласында осы бастамаға жақын тәжірибесі бар екендігі, олар екіжақты келісімдерге негізделген түрде жүзеге асырылып жатқаны себепті, көпжақты ынтымақтастықты дамытудың бірыңғай жүйесін құру қажет екендігін алға тартты.

Мәжіліс барысында 2019-2020 жылдарға арналған Кедендік ынтымақтастық кеңесінің бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан және Азия даму банкі бағдарламасына мүше елдерде алдыңғы қатарлы инновациялы жаңалықтарды тәжірибе жүзінде қолдау бойынша техникалық көмек көрсетуге байланысты мәселелер талқыланды.

9.jpg


ӨзА
9 448