ӨзА Қазақ

21.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Биылғы Ораза айт мерекесі Өзбекстанда 24 мамырда аталып өтіледі

Биылғы Ораза айт мерекесі Өзбекстанда 24 мамырда аталып өтіледі

Өзбекстанда Ораза айт мерекесін тойлау туралы Мемлекет басшысының қаулысы қабылданып, онда Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының шешіміне сай 2020 жылдың Ораза айт мейрамы 24 мамыр жексенбі күніне тура келуіне сол күні аталып өтіледі.

Ізгілік және мейрім-шапағат айы болған мүбәрак Рамазан күндері биыл ел аумағында коронавирустық пандемияның арқасында үйде, жанұялық ортада, өзара түсіністік пен ынтымақтастық аясында өтуде. Еліміз түрлі сынақтар мен қиыншылықтар арқылы шыңдалып, жәнеде қуатты бола қасиетті Рамазан айын үлкен сенім мен қуанышпен күтіп алуда.

Осы ұлы мерекенің халқымыздың рухани өміріндегі орнын, оның қоғамдағы ізгілік пен жанашырлық, мейірім-шапағат сынды асыл қасиеттер дарығанын ескере тұрып және ұлттық діни құндылықтарымызды сақтау мен дәріптеудегі қоғамдағы маңыздылығын атай келе: Мұсылмандар діни басқармасының 2020 жылғы Ораза айт мейрамының бірінші күні 24 мамыр күніне тура келетіні жөніндегі шешімін ескере отырып, осы күн елімізде Ораза айт мейрамы ретінде тойлансын.

Осы қаулыға сай, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер кеңесі, облыстар мен Ташкент қалалық әкімшіліктері, Махалла және отбасыны қолдау министрлігі, Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері комитети бойынша қоғамдық ұйымдар мен бірлесе республика аумағында Ораза айт мерекесін карантин талаптарына сай халқымыздың ұлттық және діни дәстүрлеріне сәйкес өтуі үшін тиісті шаралар жүзеге асырылуы белгіленген.

1 212
ӨзА