ӨзА Қазақ

09.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Биометрик күәлік орнына 2021 жылдан бастап ID-карталар беріледі

Биометрик күәлік орнына 2021 жылдан бастап ID-карталар беріледі

Өзбекстанда 2021 жылдың 1 қаңтарыннан бастап қазіргі қолданыстағы биометрик күәлік орнына ID-карталар беріледі. Бұл тек ел ішінде қана жарамды болмақ.

Министрлер Кабинеті «Өзбекстан Республикасында жеке куәліктерді тіркеу және беру жүйесін енгізу жөніндегі шаралар туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Онда 2021 жыл 1 қаңтардан бастап барлық сәбилерге, Өзбекстан Республикасының азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және Өзбекстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге биометриялық төлқұжаттардың орнына 10 жыл мерзімге құжат иесінің жеке басын және азаматтығын растайтын ID-картасы беріледі.

ID-карта 10 жылға дейінгі мерзімге берілетін болып, ол тек Өзбекстан аумағында ғана жарамды. Шет елге шығу үшін азаматтарға арнайы биометриялық паспорт («загранпаспорт») беріледі. Ал қазіргі қолданыстағы биометриялық паспорт 2030 жылға келіп жарамсыз есептеледі. 

2 080
ӨзА