ӨзА Қазақ

05.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Байқау! «Алтын қалам» ХIV ұлттық жүлдесі

Байқау! «Алтын қалам» ХIV ұлттық жүлдесі
Журналистика саласында «Алтын қалам» ХIV ұлттық жүлдесі.

Өзбекстан Журналистер одағы және Журналистерді қайта бейімдеу орталығы мен жеке ұйымдар бірлесе отырып, ұлттық және халқаралық журналистиканың биік жетістіктерін кең көлемде жариялау мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында жүрген мамандарды азаматтық қабілетін паш ету үшін жақсы жағдай жарату мен бірге журналистерің аналитикалық талдауы, сыни және өз үстінде жаңаша тәсілді қалыптастыру және ынталандыру мақсатында «Алтын қалам» ХIV ұлттық жүлдесі үшін байқау жариялайды. 

3 – мамыр Дүниежүзілік баспа сөз бостандығы күніне арналған бұл байқауға, 2018 жылдың 31 наурызынан, 2019 жылдың 31 наурызы аралығындағы газет, журналдарда жарияланған, радио, телевидение саласында таратылған және интернетте сайттарында берілген материалдар 2019 жылдың 15 сәуір күніне дейін қабылданады. 

Журналистика саласындағы бас жүлде иегерлеріне: арнайы диплом, «Алтын қалам» төсбелгісі, арнайы мүсіні және Өзбекстан Республикасында белгіленген төменгі жалақының 200 есе көлеміндегі ақшалай сыйлық тағайындалған. 

Негізгі жүлделер: Үздік журналистік зерттеу үшін ұлттық жүлде (телевидение – 1, 2, 3 орындар)

Үздік журналистік зерттеу үшін ұлттық жүлде (радио – 1, 2, 3 орындар)

Үздік журналистік зерттеу үшін ұлттық жүлде (баспа бұқаралық ақпарат құралдары – 1, 2, 3 орындар)

Үздік журналистік зерттеу үшін ұлттық жүлде (интернет журналистика – 1, 2, 3 орындар)

Бірінші орын иегерлеріне: арнайы диплом, «Алтын қалам» төсбелгісі, арнайы мүсіні және Өзбекстан Республикасында белгіленген төменгі жалақының 160 есе көлеміндегі ақшалай сыйлық тағайындалған. 

Екінші орын иегерлеріне: арнайы диплом, «Алтын қалам» төсбелгісі, арнайы мүсіні және Өзбекстан Республикасында белгіленген төменгі жалақының 140 есе көлеміндегі ақшалай сыйлық тағайындалған. 

Үшінші орын иегерлеріне: арнайы диплом, «Алтын қалам» төсбелгісі, арнайы мүсіні және Өзбекстан Республикасында белгіленген төменгі жалақының 120 есе көлеміндегі ақшалай сыйлық тағайындалған. 

Толық мәліметтерді www.Journalist.uz сайтынан көре аласыздар. 

31 026
ӨзА