ӨзА Қазақ

09.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Өзбекстанда 227 науқас індеттен сауығып шықты

Бүгін Өзбекстанда 227 науқас індеттен сауығып шықты

9 шліде тәулік бойы республика аумағында 227 азамат коронавирустан сауығып ауруханадан шықты.

ДСМ-нің кешкі қорытынды хабарына сай күндік вирустану көрсеткіші күрт өсіп 475 кісіде індет анықталған және төрт аймақта 6 науқастың қазасы тіркелген. Олар арасында бір азамат Ауғаныстан азаматы.

Қазірде коронавирус расталған жағдай 11 564-ке жетіп, 7287 азамат сауығып шыққан яғни емделу көрсеткіші 63 пайызды құрауда. Өкінішке орай бүгінге дейін 51 науқас індет кесірінен ажал құшқан.

Еске салар болсақ, ертеңнен бастап Республикалық арнай комиссияның шешімімен бүкіл ел аумағында қатаң карантиндік талаптар енгізіледі. Транспорт қатнауы шектеліп, базар мен үлкен сауда дүкендері жабылады және той рәсімдеріне тыйым салынады.

2 585
ӨзА