ӨзА Қазақ

06.08.2020 Басып шығару нұсқасы

Бүгін – Хиросима күні

Бүгін – Хиросима күні

Бүгін – Ядролық қаруға тыйым салу үшін күрестің бүкіләлемдік күні болып, адамзат тарихындағы ең жойқын апат Хиросимаға алғашқы атом бомбасы тасталған дата. Осы оқиғаға орай «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы» халықаралық қозғалысы атқару комитетінің шешімі бойынша «Әлем дәрігерлері бейбітшілік үшін» күні аталып өтілетін болды.

Осыдан тура 75 жыл бұрын 1945 жыл 6 тамыз күні таңғы уақытта АҚШ әскери ұшқышы Томас Фереби басқарған «Энола Гей» атты Б-29 әскери ұшақ Хиросима қаласына 4 тонналы бомба тастаған. Оның жарылу күші 18 килотонна тротилді құрап жазықсыз 140 мыңнан астам адамдар ажал құшты. Арадан үш күн өтіп тамыздың 9 жұлдызында Нагасакиге екінші атом бомбасы тасталды. Осындай алапат екі жойқын апаттан кейін Жапония Екінші дүниежүзілік соғыстағы әрекетін тоқтатып 1945 жыл 15 тамызда капитуляция жариялаған.

Бүгін – Хиросимада 75 жыл бұрын құрбан болғандарды еске алу рәсімі өтуде. Бүгінгі шараға пандемия себеп 800 кісінің қатысуына рұқсат етілген. Әдетте бұл рәсімге 10 есе көп қауым жиылатын болған. 

3 297
ӨзА