ӨзА Қазақ

01.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Бүгін – Халқаралық балаларды қорғау күні

Бүгін – Халқаралық балаларды қорғау күні

Алғаш бұл күнді атап өту жайлы Парижде 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Араға бір жыл салып 1950 жыл тарихта алғаш рет халықаралық балаларды қорғау күні әлемнің көптеген елінде атап өтілді.

Тарихы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталар бұл атаулы дата біздердің болашағымыз, ұрпағымыздың жалғасы, сан ғасырлық саналмыш салт-дәстүрімізді жалғастырушы ізбасарлары болып табылатын балалар күні елімізде жыл сайын көтеріңкі рұхта өткізіліп келеді. Биыл мына коронавирустық пандемияның салдарынан аздап жылдғыдай өтпес. Дегенмен дәл бүгіннен бастап ел аумағында көптеген балалардың көңіл көтерер орталықтары өз жұмысын бастайтыны, олардың бүгінгі күнін қуанышты өтуіне сеп болды. 

Бүгінге дейін жер бетінде 70-ші мәрте мерекеленіп келе жатқан жаздың алғашқы жайма шуақ жылы күнін БҰҰ дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, олардың құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының бірі ретінде қоғамға енгізе алды.

Сондықтан балаларды бағалайық, олардың қайтып келмес балалық шағында, бақытты өмір кешуіне әрбіріміз атсалысайық.

2 818
ӨзА