ӨзА Қазақ

08.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Бүгін бес аймақта 400-ден астам адам індет жұқтырып 5 азамат қайтыс болды

Бүгін бес аймақта 400-ден астам адам індет жұқтырып 5 азамат қайтыс болды

Өзбекстанда коронавируспен байланысты жағдай күрт нашарлап барады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 8 шілде күнгі кешкі қорытынды жаңалықтарында тәулік бойы ел аумағында 422 індет жұқтырған және үш аймақта 5 науқас қаза болып, 249 науқастың ауруханадан шыққаны айтылады.

Ауруханадан шыққан азаматтардың көбі Ташкенттегі медициналық мекемелерде тіркелген 158. Самарқандта 49, Науаиыда 20, Сұрхандарияда 14, Бұхарада 8 азамат емделіп шығып жалпы бүгінге дейін 7060 кісі сауыққан.

Ал бүгінгі індет жұқтырғанның барлығы карантин аймағындағыларда анықталып қазіргі кезде 11 092 жағдай расталған. Сонымен қатар Ташкентте 3 азамат, Қарақалпақстан мен Науаиы аймағында бір-бірден коронавирусы анықталған жандар қайтыс болған. Олардың жалпы саны 45-ке жетті.

2 491
ӨзА