ӨзА Қазақ

15.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Бұқаралық ақпарат құралдарына дрондарды пайдалануға рұқсат етіледі

Бұқаралық ақпарат құралдарына дрондарды пайдалануға рұқсат етіледі

Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі жаңа мазмұндағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасын көпшіліктің талқылауына ұсынғаны туралы хабарланды.

Ондағы белгіленген талаптарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына фото және видео материалдарын дайындау мақсатында заңнамада белгіленген тәртіпте рұқсат алу арқылы тиісті мемлекеттік орган белгілеген учаскелерде қырық метрге дейінгі биіктікте, салмағы үш келіден аспайтын басқарушысыз ұшу аппараттарын пайдалануы мүмкін.

Сонымен қатар, атаулыжобада тізімі заң талаптарына сай белгіленген тиісті нормалармен суретке алуға тыйым салынған аймақтардан бөлек қоғамдық орындар, ғимараттар мен құрылыстардың суреті мен бейнетаспаларын шектеусіз алу құқығы, БАҚ жарғылық капиталындағы шетелдік инвестициялардың үлесі отыздан қырық тоғыз пайызға дейін асыруға мүмкіндік берілуде.

2 245
ӨзА