ӨзА Қазақ

15.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Қазақстанның символы саналатын «Алтын адам» Ташкент музейінде

Қазақстанның символы саналатын «Алтын адам» Ташкент музейінде
Өзбекстан мемлекеттік өнер мұражайында «Ұлы дала:тарих және мәдениет» атты көрме ашылды.

Көрменің мақсаты - Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен көрерменді таныстыру болып, онда Қазақ елінің символы саналатын «Алтын адам» көрсетілді. 

1960-жылдардың соңы мен 1970-жылдардың басында Алматының маңайында танымал археолог Кемал Ақышев зерттеп жүрген Есік қорғанынан, кейін Қазақстанның символына айналған, сақ патшасы - «Алтын адамның» сүйегі табылған археологиялық сенсация жасалды. Баға жетпес олжаға «Қазақ Тутанхамоны» деген ат беріліп, «ғасыр жаңалығы» деп танылды. 
photo_2019_04_13_13_49_52.jpg
Күні бүгін бұл жоба әлемнің бірқатар елдерін - Беларусь, Әзербайжан, Ресей, Қытай, Польша, Корея мемлекеттерін табыспен аралап оралды. «Алтын адамның» шеруін сол елдерде миллионнан астам көрермен тамашалады. Жалпы алғанда жоба үш жыл көлемінде жүзеге асатын болады. Көрме 2020 жылдың соңына дейін әлемнің жиырмаға жуық елінде болып қайтады.

Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейіндегі көрмеден «Алтын адамның» алтын жапсырмалы, әшекейлі киімде және алтын жебе, қар барысы, арқар, жылқы және құс түріндегі алтын тілімшелер әшекейлеп тұрған конус пішінді ерекше бас киімді көруге болады. Сонымен қатар (археологтардың пікірлері бойынша 17-18 жастар шамасында) бірге жерленген ерте темір ғасырының (б.д.д V-IV ғғ.) археологиялық олжаларының коллекциясын тамашалауға болады. 
photo_2019_04_13_13_49_48.jpg

36 440
ӨзА