ӨзА Қазақ

10.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан шекарасында жиналған 4 мыңға жуық азаматтар Өзбекстанға өтті

Қазақстан шекарасында жиналған 4 мыңға жуық азаматтар Өзбекстанға өтті

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы шекаралық (Жібек жолы – Қыш көпір) өткізу бекетінде жиналған 3700-ден астам өзбекстандықтар елге оралды.

Өзбекстан СІМ хабарлауынша 1- ден 7 шілдегедейінгі аралықта «Жібек жолы» – «Қыш көпір» шакаралық өткізу бекеті арқылы 2700-ден астам өзбекстандықтар елге қайтарылған. Бірақ арадағы кейбір техникалық проблемаларға байланысты екі ел арасындағы шекарадан азаматтарды шектеулі мөлшерде өткізуге тура келді. Соның нәтижесінде шекарада 3000 мыңға жуық Өзбекстан азаматтары топталуына себеп болды.

Республикалық арнайы комиссияның, МҚҚ шекара жасақтары мен Өзбекстанның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 8 шілдеде азаматтарымыздың шекарадан еркін өтуіне тосқауыл болушы барлық мәселелер шешіліп, 9 шілде күні 3746 азамат Өзбекстанға өтті.

Қазіргі уақытта мемлекетаралық шекарадан өту кезінде ешқандай кедергі жоқ, өткізу пункттері әдеттегідей жұмыс істеп тұр.», - делінген министрлік хабарында.

Шекарадан өткен барлық азаматтар елдегі карантиндік талапқа сай 14 күндік бақылауға алынады.

3 078
ӨзА