ӨзА Қазақ

23.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жаңа келісім күшіне енді

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жаңа келісім күшіне енді

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жыл 15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол қойылған құжатқа сай ӨР Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасындағы Заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісім болып, ол 2020 жыл 22 мамырдан бастап өз күшіне енген.

Өзбекстан СІМ-нің хабарынша, құжат екі елдің аумағында заңсыз көші-қонға қарсы күрес және екі ел аумағында заңсыз жүрген тұлғаларды анықтау және тіркеуге қатысты ынтымақтастықты қарастырады. Осы Келісім бойынша ынтымақтастық мүдделі Тараптың көмек көрсетуі сауалнама негізінде жүзеге асырылады.

Бұл Келісім аясында заңсыз көші-қонмен тиімді күрес жүргізу мақсатында ақпарат пен тәжірибе алмасуды, Тараптардың кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру, зерттеулер жүргізу мен бірлескен жедел профилактикалық шараларын ұйымдастыруды да қарастырады. 

1 972
ӨзА