ӨзА Қазақ

26.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екінші аймақаралық ынтымақтастық форумы өтуде

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екінші аймақаралық ынтымақтастық форумы өтуде

26 ақпан күні Хорезм облысында Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екінші өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі елдің Премьер-министрлері Абдулла Арипов пен Асқар Маминнің қатысуымен үкіметтік делегациялардың кездесуі өтті.

Екі ел арасындағы алғашқы өңіраралық форум 2018 жыл Шымкент қаласында өткен болатын. Кеше 25 ақпан күннен бастау балған осынау екінші форум аясында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, туризм және білім саласындағы жобаларды жүзеге асыру сынды маңызды салаларды дамытуға арналады.

2.jpg

Экономиканың жетекші салалары мен секторларындағы серіктестіктің күшеюіне байланысты 2019 жылы екіжақты тауар айналымы екі есе артып, 3,3 миллиард доллардан асты. Екі мемлекет басшылары тарапынан үкімет міндетіне сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге және екіжақты сауданы осы жылы 5 миллиард долларға және алдағы жылдары 10 миллиард долларға жеткізу жоспары тұр. Ол үшін Өзбекстанның да Қазақстанның да әлеуеті жеткілікті.

Форум аясында жасалған келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар салалар бойынша құжаттарға қол қою көзделген.

6 138
ӨзА