ӨзА Қазақ

31.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Автокөліктердің күндізгі уақытта жарық шамдарын жағып жүруі процесі қайта талқылануда

Автокөліктердің күндізгі уақытта жарық шамдарын жағып жүруі процесі қайта талқылануда

ІІМ барлық автокөліктер үшін күндізгі уақытта жарық шамдарын жағып жүруі қарғидасы жайында түсінтірді.

Өзбекстан аумағаныда автокөліктер күндізгі уақытта да жарық шамдарын жағып жүруі қағидасы енгізілген уақыттан бастап қоғамда өте үлкен келеңсіз жайттар орын алып жатқаны, бүгінгі күнде халық тарапынан наразылықтар тудырған ең нашар қағиданың бірі болып тұрғаны баршаға белгілі. 

Бұл жағдайға байланысты тіпті депутаттардың өзі осындай жарлыққа қарсы шыққан. Бірақ неге екені белгісіз, халық қалауынсыз бұл қағида өз күшіне еніп қазіргі күнде қоғамдағы үлкен проблемаға айналды. 

Осындай көңілсіздік жайыттарға әкеп соққан келеңсіз қағидаға байланысты, 30 мамыр күні Ақпараттық және баспасөз коммуникациялар агенттігінде Өзбекстан республикасы Ішкі істер министрі орынбасары полковник Акрамхан Бобохонов пен ІІМ қоғамдық және ақпарат құралдарымен байланыс басқармасы бастығы Қутбиддинхан Бурханов және ІІМ Жол патрулдік Басқарма бастығының орынбасаты Эрали Бозоров пен бірге басқада басқарма өкілдері, БАҚ өкілдері алдында брифинг өткізді.

avtomototransport_vositalari_uchun_kunduzi_chiro_larini_ye_i.jpg

Онда, Өзбекстан республикасы Ішкі істер министрі орынбасары полковник Акрамхан Бобохонов «ауа температурасы +35 тен +50 градус ысқыт болған Араб елдерінде және Манайзияда транспорт көліктері үшін жарық шамдарын жағып жүру тәртібі енгізілген. Сондай-ақ, жарық шамдарын жағып жүрмеген жұргізушілер үшін Швецияда біздің ақшаға салыстырғанды 1 051 836 мың сум, Чехияда 732 220 сум, Эстонияда 1 887 510 сум, Руминияда 574 829 мың сум көлемінде айыппұл салынады»-дейді.

Министр орынбасары осы жайыттарды мысал ретінде келтіріп, бұл жоба қайта көріп шығылатыны жайында, «Жол ережесінің» 138-санына сәйкес (күндізгі уақытта жарық шамдарын жағып тәртібі) қайта қаралып жатқанын айтты. Бұл жағдай қоғамдағы қазіргі күнгі болған проблемалар себеп екенін айқындайтын бірден бір себеп екені түсінікті. Болмаса терең зерттеліп қолданысқа енгізілген қағиданың арадан ай өтпей жатып қайта қаралымға жіберілмейтіні де бар едіғой. Демек наразылықтар соншалықты жоғары дәрежеде екендігі белгілі. 


8 934
ӨзА