ӨзА Қазақ

30.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Ауа-райы болжамы: Жаңа жыл күні жаңбырлы болады

Ауа-райы болжамы: Жаңа жыл күні жаңбырлы болады

Республикалық Гидрометеорология орталығының хабарлауынша бұл апта Өзбекстан аумағында ауа-райы аздаған бұлтты болып нөсерлі өтетіні айтылған.

Ел аумағына Кавказ аймағынан келетін ылғалды ауа ағымының жетуіне байланысты Өзбекстанның кейбір аймақтарында ауа-райының температурасы төмендеп 5-10 дәрежеге жетуі байқалған.

«Узгидромедтің» хабарлауынша, ертең 31 жетлоқсан республиканың үлкен бөлігінде жауын жаумайды, тек Ташкент Самарқанд, Жыззақ Сырдария облыстарында кешкі және таңғы кездері аздаған нөсер себелейді. Ферғана аңғарының кейбір аймақтарында күні бойына жауын жауады. Антициклонның келіп жетуі салдарынан кешкі уақытта температура 0-5 дәрежеге дейін төмендейді.

1 қаңтарда Өзбекстан аумағында аймақтық климатқа сай ауа-райы сақталып күн шуақты болады. Күндізгі уақытта температура 7-12 дәрежеге дейін жетеді.

2-3 қаңтар күндері Түркіменстан аумағынан келетін ылғалды ауа ағымының жету салдарынан оңтүстік аймақтарда ауа бұлтты болып күшсіз нөсердің нәтижесінде ауа-райы кешке 0-5 дәрежеде болса, күндізгі уақытта 5-10 градусқа күн жылы болады.

4 қаңтарда ауа-райының жауын-шашынсыз кезі сақталып, температура қалыпты жағдайда болады.

5 265
ӨзА