ӨзА Қазақ

22.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Ауа-райы болжамы: Апта соңына қарай күн-райы нашарлайды

Ауа-райы болжамы: Апта соңына қарай күн-райы нашарлайды

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бүгін Өзбекстан аумағында ауа-райы қатты ыстық болады.

Температура 39-42 градусқа дейін, оңтүстік амақтар мен Науаиы, Бұхара облыстарының шөлді аумақтарында 43-44 градусқа дейін жетеді. Бұл жағдай көпжылдық орташа көрсеткіштен 5-8 градусқа жоғары. Түрікменстан аумағынан ыстық ауа ағыны күшейген сайын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

23 маусымда Қазақстан тарапынан атмосфералық фронттың өтуі салдарынан Өзбекстанда ауа-райы өзгереді деп күтілуде.

Алайда республикада күн-райы жауын-шашынсыз болады, тек таңертең және кешке Ташкент облысында, Ташкент, Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарының тау бөктерінде және таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндізгі температура айтарлықтай төмендейді және шамамен 35-40 градусты болып, оңтүстік пен шөлейтті зонада 42 градус ыстық байқалады. Ауа ағынының өзгеруімен желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады.

24-25 маусымда республикада ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Температура түнде 19-24, күндіз уақытта 35-40 градусқа дейін жетеді.

26 маусымда елдің солтүстігіне 27 маусымнан қалған барлық аумақтарға Еділ бойынан суық антициклон ауа ағымы енеді. Соған байланысты температура 8-10 градустан 27-30 градусқа дейін төмендейді. Бұл жыл сайынғы қалыпты температурадан 5-6 градусқа төмен, ал түнгі температура өзінің біркелкілігін сақтап 19-24 дәрежені көрсетеді. 

1 932
ӨзА