ӨзА Қазақ

15.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Ауа-райы болжамы: Алдағы күндері күн-райы қандай болады?

Ауа-райы болжамы: Алдағы күндері күн-райы қандай болады?

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бүгін құрғақ және ыстықты ауа-райы сақталып, күндізгі температура 34-39 градусқа дейін жетеді. Солтүстік, оңтүстік және шөлді аймақта 40-42 градусқа дейін ысиды. Бұл көрсеткіш орташа көпжылдық межеден 4-7 градусқа жоғары.

Агенттіктің болжамынша ертеңнен бастап Волга аймағынан салқынқанды ауа ағымы кіре бастайды және ол бүкіл жұмыс аптасы барысында күндер бойы үстемдік етпек. Республиканың басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек 16-17 маусым күндері таулы аумақтардың кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Осы күндері желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, ал қатты жел болған жағдайда секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

16 маусымда күндізгі температура Қарақалпақстан мен Хорезм облысында 30-35 градусқа дейін төмендейді. Елдің қалған бөлігінде жылы ауа райы үстемдік құрып, түнде 17-22 градус, күндіз 34-39 градус, оңтүстік және шөлді аймақта 40-42 градусқа дейін ыстық болады.

17-19 маусымда салқын ауа ағымы бүкіл республика бойынша таралып, температура қолайлы деңгейге дейін төмендейді, түнде 15-20 дәрежені көрсетсе, күндіз 30-35 градусқа дейін жетеді. 

2 420
ӨзА