ӨзА Қазақ

13.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Ауа-райы болжамы: Алдағы күндер ауа-райы ыстық болады

Ауа-райы болжамы: Алдағы күндер ауа-райы ыстық болады

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бүгін және аптаның соңына дейін Өзбекстандағы ауа-райы атмосферадағы төмен қысымды ауданды анықтайды. Бұл жағдай өте ыстық ауа-райымен сипатталатындығынан, ол әдетте салқындау кезеңінде байқалады.

Гидрометеорологиялық қызметінің болжамынша маусым айының соңы мен шілденің басында байқалған салыстырмалы түрдегі қолайлы температурадан кейін осы аптада республикаға Түркіменстаннан келетін аптапты ауа ағыны салдарынан ел тұрғындары жаздың нағыз ыстығын сезінетін болады.

Бұл күндері ауа температурасы түнде 21-24 градус, күндіз 37-40 градуты көрсетеді. Ал республиканың солтүстік, оңтүстік және шөлді аймақтарда күн-райы 42 градусқа дейін көтеріліп, желдің жылдамдығы кейбір аймақтарда 15-20 метрге дейін жету ықтималдығы бар.

Республиканың барлық жазық бөлігінде аз бұлтты және құрғақ ауа үстемдік етеді. Тек таулы және тау бөктеріне 13-тен 15-ші шілдеге дейін қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай ойнауы мүмкін. 

2 518
ӨзА