ӨзА Қазақ

28.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Ауа-райы: Бұл апта жауын жауып, жел соғуы мүмкін

Ауа-райы: Бұл апта жауын жауып, жел соғуы мүмкін

Республикалық Гидрометеорология орталығы 29-31 қазан күндері аралығындағы Өзбекстан аумағында болатын ауа-райы болжамын ұсынды.

Қарақалпақыстан Республикасы және Хорезм облыстарында ауа-райы өзгеріп тұрады, 29 мен 31 күндері жауын-шашын болмайды. 30 қазан мен 1 қарашада кейбір жерлерде жауын жууы мүмкін. Шығыстан самал бағыты өзгеріп, батыстан 7-12 м/с жылдамдықта еседі. Ауа температурасы 29-ші қазан күні кешкі уақытта 0-5 дәрежеде жылы болса, күндіз 20-25 ыстық. 30-31 және 1-ші қараша күндері кешкі уақытта 2-7 дәрежеде жылылық байқалса, күндізгі кезде 15-20 дәреже ыстық болады.

Бухара, Науаиы облыстарында ауа-райы өзгеріп тұрады, 29 күні жауын-шашын болмайды. 30 - 1 қараша аралығында кейбір жерлерде жауын жууы мүмкін. Ауа температусы кешкі уақытта 7-12 дәрежеде жылы. Күндізгі кезде 29-30 күндері 20-25 дәреже ыстық. 31 күні 18-23, 1-ші қарашада 15-20 дәреже жылы болады.

Ташкент, Самарқанд, Жыззақ және Сырдария облыстарында ауа-райы аздап бұлтты болады, 30 мен 1 қараша аралығында кейбір аймақтарда жауын жауады. Кешкі уақытта 5-10 дәрежеде жылы болса, күндізгі кезде 29-31 күндері 20-25 дәреже ыстық болады. 1-ші қарашада 15-20 жылы.

Қашқадария, Сұрхандария облыстарында ауа-райы аздап бұлтты болады, 30 мен 1 қараша аралығында кейбір аймақтарда жауын жауады. Ауа температурасы кешке 9-14 дәрежеде жылы болады. Күндізгі уақытта 29-30 қазанда 23-28, 1-ші қараша күні 18-23 дәреже ыстық болады.

Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында ауа температурасы өзгеріп тұрсада жауын-шашын байқалмайды. Шығыстан самал бағыты өзгеріп, батыстан 7-12 м/с жылдамдықта еседі. Ауа-райы түнде 5-10 градусты жылы болса, күндіз 29-31 күндері 20-25 дәреже ыстық.ал, 1-і күні 18-23 жылы болады.

Республиканың таулы аймақтарында ауа-райы бұлтты болып, аздап жауын-шашынды болады. Ауа температурасы кешке 2-7 градус, күндіз уақытта 29-31 қазан күндері 12-17 дәрежеде болса, 1-ші қарашада 7-12 дәреже жылылық күзетілген.   


4 693
ӨзА