ӨзА Қазақ

08.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Ауғанстан гуманитарлық көмек үшін Өзбекстанға алғыс білдірді

Ауғанстан гуманитарлық көмек  үшін Өзбекстанға алғыс білдірді

Ауғанстан үкіметі Өзбекстанға қиын шақта, коронавирустық пандемия кезеңінде адам өмірі үшін аса қажетті болған жиынтықтан тұратын заттарды жібере, гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірген.

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша СІМ басшысы Абдулазиз Камилов Ауғанстан Ислам Республикасы сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Ханиф Атмармен телефон арқылы сөйлескен. Осы сұхбат аясында Ханиф Атмар ең алдымен Ауғанстандағы саяси жағдайды тұрақтандыру жолында Өзбекстан тарапынан жүзеге асырылып жатқан халықаралық күш-жігері үшін Президент Шавкат Мирзияевке алғыс айтып, әлемдік пандемия кезінде жіберген гуманитарлық көмек үшінде шексіз ырзалық танытқан.

Әнгіме барысында Абдулазиз Камилов Ауғанстан Ислам Республикасы сыртқы істер министрінің басшылығына тағайындалған Ханиф Атмарды жаңа лауазымымен құттықтап алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ сыртқы істер министрлері екіжақты қатынастардың күн тәртібіне және аймақтық саясатқа қатысты бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.

2 044
ӨзА