ӨзА Қазақ

18.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Аттестат жоғалған жағдайда оны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады

Аттестат жоғалған жағдайда оны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады

Азаматтар мектеп бітіргендігі туралы куәлігін (аттестат) жоғалтқан жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы арқылы телнұсқасын алуы мүмкін.

Бұл жөнінде Өзбекстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 5278 санды Жарлығына сәйкес Министрлер Кабинетінің «Орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру бойынша әкімшілік регламенттерін бекіту туралы» қаулы жобасы әзірленді.

Қаулы жобасына сай, азамат мектеп бітіргендігі жайлы күәлігі немесе сетификаттарын жоғалтып алған, өз тегін ауыстырғанда немесе жарамсыз болып қалған кезде Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы арқылы оның телнұсқасын қысқа мерзімде алуына болады. Білім министрлігінің хабарлауынша, осы уақытқа дейін азаматтар куәліктің телнұсқасын алу үшін бір ай күтуге тура келген.

Қаулы жобасы қазірде қоғамдық талқылау алаңына қойылған.

5 140
ӨзА