ӨзА Қазақ

17.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Қандай маска вирустан жақсы қорғайды?

Қандай маска вирустан жақсы қорғайды?

Бүгінгі дамыған заманда бетперденің бірнеше түрі бар болып, алайда олардан қай бірі вирустан жақсы қорғайтынынын біле бермеуіміз мүмкін. Қазіргі уақыттағы Бүкіләлемге тараған коронавирустың қауіпті жағдайына байланысты қандай маска қолданған кезде вирус жұқтыру ықтималы аз болатынына назар аударсақ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы медициналық маска тағуды ұсынады, өйткені олар ауа арқылы вирустардың таралуын шектеуі мүмкін дейді. Осы сөйлемде айтылғандай ол «шектеуі мүмкін» дейді, толықтай қорғайды демей. Сондықтан бетперде таңдаған кезде олардың сапасына мән берген абзал. Әрине медмасканың сапасы өте жақсыларын да табуға болады. Бірақта оның қазіргі уақытта кеңінен тараған түрі екі сағаттық жұқа матадан жасалғаны екен.

Мамандардың айтуынша төрт бұрышты қарапайым масканың вирустан қорғау деңгейі айтарлықтай жоғары емес. Себебі олар адам бетіне жақсы жабысып тұрмайды. Сонымен бірге олардың жарамдылықмерзімі де өте қысқа. Екі сағатқа арналған. Сол себепті ауаны қарапайым маскадан 20-30 есе жақсы тазарту қасиетіне ие маскаларды пайдаланған жөн.

Ондай түрдегі маскалар көбіне респиратолы деп аталады. Бірнеше қабатты және ауа тазартқышы бар құрылғыдан жасалған болып жарамдылығыда ұзақтау. Бағасыда қарапайым түріне қарағанда бірнеше есе жоғары мұндай түрдегі маскаларды қажеттілік болған кезде ғана пайдалануға ұсынылған. Өйткені бұл түрдегі бетперделерде тыныс алу қиындау. Сосын терлетіп ауа алуды қиындатады. Көбіне мұндай маскалар құрылыс пен шаң-тозаңды жұмыстарда және аса иісті орталарда тағуға ыңғайланған.

Атаулы маскалардың үш түрі бар. Алғашқысы ауаны 80 пайызға дейін тазартса, екінші түрі 94 пайызға дейін қорғау мүмкіндігіне ие. Ең жоғары көрсеткіші 99 пайызды жоғары санаттағы маска. Ол радиоактивті шаң мен түрлі бактерия, вирустарды өткізбей, ішкі демді жылдам тарату арқылы масканы суланудан сатайды.

Көптеген адамдар ылғалды дәкенің шаңды өткізбеу қасиеті жоғары деп біліп, ондағы тұрып қалған шаңнын мембранаға әсерін білмейді.

Қорғаныс маскаларын ашық ауа-райында, адам аз топталған орталарда тағу шарт емес. Масканы бөлмеде және 1-2 метр қашықтықта жөтел және басқа жұқпалы аурулары бар адамдар бар жерлерде қолданған жөн.

1 583
ӨзА