ӨзА Қазақ

22.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Алишер Усмонов өзбекстандық отбасыларға 15 млрд ақшаны қайырымдылыққа жұмсады

Алишер Усмонов өзбекстандық отбасыларға 15 млрд ақшаны қайырымдылыққа жұмсады

Келіп шығу тегі Өзбекстандық болған ресейлік кәсіпкер Алишер Усмонов, коронавирустық пандемия кезінде қиындық көрген тұрмыстық жағдайы төмен Өзбекстанның Әндіжан және Наманган облысында күн кешуші 6000 отбасыға 15 миллиард сум қаржыны қайырымдылық ретінде тарту еткен.

Бұған дейін Сардоба су қоймасы жарылған кезде, оның салдарының теріс әсерін азайту мен су тасқынынан жапа шеккен жандар үшін 15 миллион доллар ақшалай (Өзбекстанға 10 млн, Қазақстанға 5 млн) көмектескен жанның бүгінгі қасиетті Рамазан айының мүбарак күндерінде қол ұшын берген қамқорлығынан Әндіжан облысындағы 48 елді мекенде жасаушы мұқтаж 1 мың отбасының әрбіріне 2,5 миллион сумнан таратылған болса, Намангандық 5 мың күн көрісі қиын жанұяларға 12,5 миллиард сум ақша арнайы банк карталары арқылы өз үйіне жеткізілген. 

3 905
ӨзА