ӨзА Қазақ

08.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Алишер Усмонов Шавкат Мирзияевқа хат жолдады

Алишер Усмонов Шавкат Мирзияевқа хат жолдады

Келіп шығу тегі Өзбекстаннан болған миллиардер Алишер Усманов Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевқа Сырдариядағы төтенше жағдайға байланысты көңіл айтып хат жолдады.

«Құрметті Шавкат Миромонович!

Бозбала балалық жастық шағым өткен ана жұртымдағы аға-інілерім және әпке-қарындастарым мен бүгінгі эпидемиологиялық қиын кездегі жағдайға серіктес бола тұрып, Сардоба су қоймасындағы болған қайғылы оқиға туралы хабарды және ондағы жағдайды халқымыз батырлық пен батылдық таныта қабылдағанын іштей ауыр сезімде қабылдадым.

Осынау қасиетті Рамазан айында Алланың өзі мені Отанға шақыра, мынау қастерлі күндерде мұқтаж жандарға ерекше қамқорлық пен қолдан келер бар жақсылықты жасауға мүмкіндік берсе керек. Біздер қуанышты да, қайғылы күндерде желкеме-желке тұрып бір-бірімізді қолдауымыз керек екенін сезіне тұрып мен халқымыздың басына түскен бүгінгі қиын жағдайына бей-жай қарап тұралмаймын. Сондықтан кешегі су тасқынынан жәбір көрген жандар тұрмыс тіршілігін тез арада өз қалпына келтіру үшін көмек ретінде 10 миллион доллар берудемін.

Мен халқымыздың сұраған дұға-тілектеріне қосыла, Жаратқаннан оладың басына түскен ауыр сынақтардан тез арада құтқаруын сұраймын».

Құрметпен, Алишер УСМОНОВ

3 319
ӨзА