ӨзА Қазақ

29.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Абдулла Арипов пен Михаил Мишустин Өзбекстан мен Ресей ынтымақтастығына қатысты маңызды мәселелерді талқылады

Абдулла Арипов пен Михаил Мишустин Өзбекстан мен Ресей ынтымақтастығына қатысты маңызды мәселелерді талқылады

Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

Ресей үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сұхбат барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясындағы бірқатар мәселелер талқыланған. Сонымен қатар тараптар бүгін видеоконференция түрінде өтуі жоспарланған ТМД-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің алдағы отырысы туралы пікір алмасып, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін талқылаған.

2 433
ӨзА