ӨзА Қазақ

14.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Абдулазиз Комилов Үндістан СІМ басшысымен кездесті

Абдулазиз Комилов Үндістан СІМ басшысымен кездесті

14 қаңтарда Үндістанғанға жұмыс сапарымен барған Өзбекстан СІМ басшысы Абдулазиз Комилов, Нью-Дели қаласында Үндістан СІМ басшысы Субраманям Жайшанкар мен кездесу өткізді.

Кездесуде, Президент Шавкат Мирзияев және Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди арасында жасалған маңызды келісімге негізделген Өзбекстан-Үндістан ынтымақтастығының бүгінгі жәй-күйі талқыланып, екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың ауқымын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу жайлы сөз айтылды.

Сондай-ақ, сұхбат кезінде СІМ басшылары Ауғаныстан мәселесіне тоқталып, бұл ретте қос ел Ауғаныстандағы жағдайды тезірек тұрақтандыруға мүдделі екендігін жеткізді және осы мәселенің оң шешім табуы аймақтағы ынтымақты жақсартып оның аясын кеңейте түсетіні жайлы пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

6 545
ӨзА