ӨзА Қазақ

24.08.2020 Басып шығару нұсқасы

АҚШ Өзбекстанға 200 өкпені жасанды желдету аппаратын жіберді

АҚШ Өзбекстанға 200 өкпені жасанды желдету аппаратын жіберді

АҚШ Өзбекстанға жалпы құны 2,5 миллион доллар тұратын 200 өкпені жасанды желдету аппаратын жіберді.

«Dunyo.info» ақпарат көзінің хабарлауынша, өкпені жасанды желдету қондырғысы АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі маусым айында жариялаған гуманитарлық көмек аясында ұсынылған болып, олар енді Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан елдегі 62 медициналық мекемеге таратылуы жоспарланған.

Құрылғы медициналық технологиялар мен бағдарламалық жасақтаманы жасау саласында 40 жылдан астам тәжірибеге ие Американың «Zoll Medical Corporation» компаниясына тиесілі өнім. Компания Өзбекстандағы медициналық мекемелердің техникалық инфрақұрылымын ескере отырып, арнайы тапсырыс негізінде жасағаны айтылады хабарда.

Өзбекстандағы коронавирустық пандемияға қарсы күрес үшін берілген осынау медициналық жабдықты Вашингтондағы Өзбекстан елшілігі тарапынан Ақ үй әкімшілігі, АҚШ Мемлекеттік департаменті және АҚШ Халықаралық даму агенттігімен (USAID) өкілдерімен өткен кездесулер нәтижесінде елге жеткізілген.

4 719
ӨзА