ӨзА Қазақ

28.01.2020 Басып шығару нұсқасы

28 қаңтар – «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы құрылған күн

28 қаңтар – «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы құрылған күн

Өзбекстнадағы әуе қатнас жолдарының бірегейі саналатын Ұлттық әуе компания «Uzbekistan Airways» бүгін 28 жасқа толды.

Компания ұзақ жылдар бойы «Өзбекстан әуе жолдары» бренді атсында қызмет көрсетіп, өткен 2019 жылдың қарашасында Мемлекет басшысының жарлығымен компания «Uzbekistan Airways» акционерлік қоғамы етіп жариялаған болатын.

Компанияның бүгінге дейінгі тарихына көз жіберіп қызықты деректермен бөлісер болсақ; 1992 жыл 28 қаңтарда негізі қаланған бұл компания ең алғашқы рейсті Лондон қаласына жасаған екен. 2008 жылдан бастап Ұлттық компания «IАТА Clearning House» ұйымының ресми мүшесі есептеледі және дәл осы жылдан басап компания 2 миллионан астам жолаушыға қызмет көрсете бастаған.

«Uzbekistan Airways» өз ұшақтар паркіне алғашқы Airbus А320 ұшағын 2010 жыл қосып, 2014 жылдан бастап Boeing 767-300BCF ұшағында жүк тасымалын жолға қойды. 2016 жыл жол билетін электрон брондау жүйесін енгізсе, осы жыл чартерлік рейсті Аляскаға алғаш рет жасады. Компания өзінің 25 жылдың мерейлі кезеңі толуына орай Boeing 787 Dreamliner ұшағында тоқтаусыз Нью-Йоркқа сапар жасаған.

3 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсету 2018 жылдан басталған болып, халықаралық әуе бағыттарын алдын-ала орын брондау жүйесі іске қосылды.

Әлемнің 60-тан астам қаласына (Еуропа, Азия және Америка) әуе бағытын жолға қойған компания қазіргі кезде ТМД әуежайларына сапар жасау бойынша пунктуалдық рейтингісінде көшбасшы болып, ұшақ паркінде екі Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы мен екі Аirbus А320neo ұшақтары бар. 


4 071
ӨзА