ӨзА Қазақ

23.09.2020 Басып шығару нұсқасы

2030 жылға қарай Өзбекстанда биометриялық төлқұжаттың орнына ID-карталар енгізіледі

2030 жылға қарай Өзбекстанда биометриялық төлқұжаттың орнына ID-карталар енгізіледі

Өзбекстанда 2030 жылға қарай биометриялық төлқұжаттың орнына ID-карталар енгізіледі. Оны 2023 жылға дейін ерікті түрде алаласыз.

Президенттің жарлығымен 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарды цифрлық сәйкестендірудің бірыңғай жүйесіне көшу жағдайына байланысты, биометриялық төлқұжат орнына Өзбекстан азаматының жеке басын және азаматтығын растайтын электронды құрылғысы бар құжат ретінде ID-карталар енгізіледі.

Биометриялық паспорт пен тұруға рұқсат күәлігі ID-карталарға келесі мерзімдерге дейін ауыстырылады:

Бірінші кезең - 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін ерікті түрде (16 жасқа толғаннан кейін немесе заңда көрсетілген басқа себептер бойынша);

Екінші кезең - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін ауыстыру міндетті болады.

Ал, 2011 жылғы үлгідегі Өзбекстан азаматының биометриялық паспорты 2030 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарамсыз болып табылады. Жаңа үлгідегі ID-карталарды алу және ауыстыру үшін ішкі істер органдарының көші-қон және азаматтықты тіркеу бөлімдеріне жүгіне аласыз. Оны алу процесі бір күнге созылады.

ID-карталар келесі мерзімге дейін беріледі:
  • жаңа туған балаға бір жасқа дейін - 2 жыл мерзімге;
  • бір жастан 16 жасқа дейін - 5 жыл мерзімге;
  • 16 жастан бастап - 10 жылдық мерзімге беру қарастырылған.
ID-карта үшін төлем базалық есептеу сомасының 89 пайызын құрайды, яғни 198 470 сум (2020 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша).

4 921
ӨзА