ӨзА Қазақ

06.01.2020 Басып шығару нұсқасы

1-ші қаңтардан бастап өз күшіне енген өзгерістер жайлы

1-ші қаңтардан бастап өз күшіне енген өзгерістер жайлы

2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Өзбекстан Республикасының заңнамасына енгізілген кейбір өзгерістер мен толықтырулар өз күшіне енді.

-2020 жылдың алғашқы күнінен бастап жол патрулдік қызметшілер (ЖПҚ) бейнекамераларда жұмыс істей бастады. Егерде көлік жүргізу кезінде сізді ЖПҚ бейнебақылау камерасыз тоқтатып құжат сұраса, сіз ешқандай құжат көрсетпей жолыңызды жалғастыру құқығына иесіз.

-Той-жиындары мен басқа да отбасылық шараларды өтізу кезінде, онда келер қонақтар саны 250-ден аспауы және ауылдық орталарда той күні ас беру шарасына 300 дей қонақтың келуіне рұқсат етіліп, сағат таңғы 06:00 дан 23:00 аралығында өткізілуі мен екі әншіден артық өнерпаздың келуіне тыйым салынады.

- Электрондық еңбек кітапшасы енгізіледі. 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған еңбек келісім-шарты, 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «Біріңғай ұлттық еңбек жүйесі» ведомствоаралық бағдарламалық-аппараттық кешенінде тіркеуден өткізуі керек. Ал биылғы жылдан бастап жасалатын еңбек келісім-шарттары мәліметтер негізінде «Біріңғай ұлттық еңбек жүйесінде» автоматты түрде негізделген қызметшінің еңбек қызметі туралы ақпарат электрондық еңбек кітапшасына енгізілетін болады.

-Ескі үлгідегі азаматтық төлқұжат (паспорт) 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды есептелгеніне байланысты, 2020 жыл 1-ші қаңтарынан бастап жаңа үлгідегі (биометриялық) төлқұжаты жоқ азаматтар Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексі 223-бабының бірінші бөліміне сәйкес базалық есептеу көлемінің жартысына тең болған (111 500 сом)саммадан үш еселік (669 000 сум) айыппұл төлеуге міндетті.

- Ташкентте қалалық қоғамдық көліктерде (автобустар мен метрода) жол жүру ақысы біріңғай электрондық төлем жүйесі енгізіліп, онда жол ақысын арнайы төлем картасы арқылы және мобильді төлем қосымшасы мен QR бір реттік төлеу билеттері енгізілді.


3 619
ӨзА