ӨзА Қазақ

11.03.2020 Басып шығару нұсқасы

1 сәуірден бастап мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің жалақысы өседі

1 сәуірден бастап мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің жалақысы өседі

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Өзбекстанда мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі.

Әділет министрлігінің хабарлауынша жалақының өсуі 9 наурызда Министрлер Мекемесінің «Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру жүйесі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығына сәйкес орынлалатын болып, онда аудандық (қалалық) жерлердегі балабақшалардың санына қарай I, II және III топтарға бөлінеді және сол арқылы осы мекемелерде жұмыс істейтін мамандарға еңбекақы төлеу тәртібі жетілдірілетін болады.

Мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істейтін мамандардың келесі айдан бастап Әділет министрлігі белгілеген айлық жалақысының мөлшерін мына жерден көруге болады.

Осыған дейін ақпан айында Өзбекстанда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін мамандардың жалақысы 1,07 пайызға өскен еді.

5 310
ӨзА