ӨзА Қазақ

19.02.2020 Басып шығару нұсқасы

1 сәуірден бастап экономикаға тиімсіз салық жеңілдіктері жойылады

1 сәуірден бастап экономикаға тиімсіз салық жеңілдіктері жойылады

Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік салық комитеті 2020 жыл 1 сәуірден бастап экономикада қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыруға кедергі келтіретін жеңілдіктерді қолданыстан шығарады.

Салық кодексінің жаңа мазмұнына сай, 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін қолданылып келген 380-ге жуық салық жеңілдіктері қайта қараудан өтіп олар арасында тиімсіздері қолданыстан шығарылған болып 301-ге дейін төмендетілген. Олар қатарында әлеуметтік маңызы бар салық жеңілдіктері (білім беру, медицина, мәдениет, тұрмыстық қызмет көрсету) сақталды.

Сонымен қатар, экономиканың маңызды салалары үшін Өзбекстан Республикасы Президентінің және Министрлер Кабинетінің қаулысында белгіленген жеңілдіктер мерзімі аяқталғанға дейін жарамды есептеледі. 

5 690
ӨзА