ӨзА Қазақ

31.05.2019 Басып шығару нұсқасы

1 маусымнан газ және электр энергиясының бағасы аспайтын болды

1 маусымнан газ және электр энергиясының бағасы аспайтын болды

Хабарыңыз бар, 2019 жылдың 1 маусымынан бастап Өзбекстан Республикасы аумағанда табиғи газ бен сұйылтырылған газ және электр энергиясы үшін коммуналдық төлем бағасы асуы жайында айтылған болатын.

Осы жағдайға байланысты қоғамда түрлі наразылықтар пайда болып, біздің сайт журналистері бұл жағдайға айқындық енгізу мақсатында түрлі ұйымдар мен министрліктерге сұрақ жолдаған еді.

Онда, не үшін бізде жыл сайын 2 рет электр эенгиясы мен газ бағасының асу тенденциясы осы күнге дейін сақталып келеді? Бағалар өсуі кезінде оның халықтың табысына қатысты қаншалықты зерттеліп, қалай есептеледі? Бағаның өсуі қандайда бір көрсеткішке байланыстыма, деген сынды сұрақтар мен хабарласқан болатын.

Қаржы министрлігінің «ӨзА» сайтына айтқан мәліметіне сәйкес, кейбір себептерге байланысты 2019 жылдың 1 маусымынан бастап табиғи газ бен сұйылтырылған газ және электр энергиясы үшін коммуналдық төлем бағасының асу көрсеткіші қазіргі уақытта тоқтатылып тұр. Қазірше бағалар аспайды. Оған себеп министрлік тарапынан тез арада ақпарат беріліп ол біздің сайттан жарияланатын болды. 

8 701
ӨзА