ӨзА Қазақ

27.05.2020 Басып шығару нұсқасы

1 маусымнан қандай өзгерістер орын алады

1 маусымнан қандай өзгерістер орын алады

Әділет министрлігінің баспасөз қызметі Өзбекстанда 2020 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енетін өзгерістер жөнінде хабарлады. 

1. Кейбір кәсіпкерлер мүлік салығы мен жер салығын төлеуден уақытша босатылады.

2020 жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында төмендегі көрсетілгендер мүлік салығы мен жер салығын төлеуден босатылады:
  • шағын кәсіпкерлік субъектілері;
  • базарлар мен сауда орталықтары;
  • кинотеатрлар;
  • қоғамдық тамақтану орындары;
  • қоғамдық көлік кәсіпорындары;
  • спорттық-сауықтыру объектілері;
  • жолаушылар көлігімен, тұрмыстық қызмет көрсету, ғимаратты жалға беру, соның ішінде банкет өткізу үшін жалға беру жұмысымен айналысатын заңды тұлғалар.
2. Жәрдемақы алатындар саны артады.
  • 14 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақы, бала екі жасқа толғанға дейін перзент күтімі бойынша жәрдемақы және материалдық көмек алушылардың саны қосымша 10 пайызға көбейеді.
3. Темекі өнімдеріне акциз салығы салынады.
  • Өзбекстан аумағына импортталатын темекі өнімдерінің акциз ставкалары қосымша позициялармен толықтырылатын болып, темекінің әр килограмы үшін 25 доллардан акцизді салық алынатын болады.
4. Отандық экспорттаушылардың көлік шығындарының бір бөлігін мемлекет өтейтін болады.
  • Отандық экспорттаушыларға автомобильді және әуе арқылы тауарларды экспорттау шығындарының бір бөлігін, сондай-ақ кәсіпкерлердің инфрақұрылымды салу шығындарының бір бөлігін мемлекет өтейтін тетіктер енгізіледі.
5. Фитобарлар жұмысы жолға қойылады.
  • Медициналық мекемелер, оның ішінде отбасылық емханалар мен ауылдық (селолық) медициналық орталықтар, сондай-ақ кезеңмен барлық министрліктер мен ведомстволарда, Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайы мен жергілікті әуежайларда, барлық автовокзалдарда, теміржол вокзалдарында, базарларда, санаторийлерде және басқа да тығыз қоныстанған аудандарда фитобарлар жұмысы жолға қойылады.
6. Үкіметтің «Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік оқ-дәрілер қоймасының қызметін жолға қою шаралар жөніндегі» азаматтық және қызметтік атыс қаруын бақылау туралы қаулысы күшіне енеді.

1 744
ӨзА