ӨзА Қазақ

11.12.2019 Басып шығару нұсқасы

«Өзбекстан почтасы» мен «Қазпошта» ынтымақтастық туралы келісім жасады

«Өзбекстан почтасы» мен «Қазпошта» ынтымақтастық туралы келісім жасады

Өзбекстан Республикасының Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігінде министр орынбасры Бахромжон Алматов Қазақстан Республикасының «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов бастаған делегациямен кездесу өткізді.

Кездесуде пошта саласына байланысты екіжақты ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар екені айтылып, осыған байланысты өзара қызығушылық тудыратын салалардағы серіктестікті кеңейту перспективалары туралы әнгіме болды. Осы кездесу аясында қазақстандық делегаттар «Өзбекстан почтасы» жайлы толықтай ақпарат пен келесідегі жоспарлары жайында мәліметтер алып, өзбекстан тарапы «Казпочтаның» жұмыс істеу принцпітерімен біршама мәліметке ие болды.  

Кездесу соңында, «Өзбекстан почтасы» АҚ мен «Казпочта» АҚ арасында курьерлік және жедел пошта қызметтері және электронды коммерция саласындағы ынтымақтастық бойынша бірлескен қызметтерді жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігі хабары.

5 775
ӨзА