ӨзА Қазақ

28.05.2020 Басып шығару нұсқасы

«Өзбекстан - АҚШ - Ауғанстан» алғашқы үшжақты кездесу өтті

«Өзбекстан - АҚШ - Ауғанстан» алғашқы үшжақты кездесу өтті

27 мамырда «Өзбекстан - АҚШ - Ауғанстан» тараптарының алғашқы үшжақты кездесу бейнеконференциялы жиыны өтті.

Өзбекстан СІМ басшысы Абдулазиз Камилов, АҚШ Мемлекеттік хатшының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл және Ауғанстан СІМ басшысы Ханиф Атмар қатысқан атаулы шарада, Өзбекстан-АҚШ-Ауғанстан үшжақты нысаны Ауғанстандағы бейбітшілік процесін ілгерілету, ел экономикасын жандандыру, сондай-ақ оның аймақтық экономикалық процестерге белсенді қатысуы үшін практикалық ұсыныстар дайындау бойынша маңызды кеңес механизмі болып табылатындығын айтылды.

Тараптар осы жылдың 17 мамырында Ауғанстанда инклюзивті үкіметті құру және Ұлттық келісім жөніндегі Жоғарғы Кеңесті құру туралы қол қойылған саяси келісімді және Аауған үкіметі мен Талибан арасындағы келісімге сай тұтқындарды босатуды жалғастыруын жоғары бағалап, Сурхан – Пули – Хумри электр жеткізу желісі, Мазари – Шариф – Кабул және Мазари – Шариф – Герат теміржолдарының құрылысы сияқты маңызды жобаларды іске асыруды жеделдету қажет екендігін талқылады.

Сонымен қатар бейнеконференция қатысушылар, коронавирустық пандемиясы кезінде аса қатты қиындықкөрген ауған халқына гуманитарлық көмек беруде ең алдымен дәрі-дәрмек және азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырған.

Құрама Штаттар мен Ауғанстан өкілдері Өзбекстан басшылығына Ауғанстанға тауарларды үздіксіз жеткізіп беру мен коронавирустың күрт асқынға кезінде транзиттік тасымалмен қамтығаны үшін алғыс айтты.

Шара соңында «Өзбекстан - АҚШ - Ауғанстан» үшжақты кездесуінің бірлескен мәлімдемесі қабылданғаны айтылады Сыртқы істер министрлігі хабарында.


2 666
ӨзА