ӨзА Қазақ

20.04.2020 Басып шығару нұсқасы

ЖОО-ның түлектеріне берілетін дипломға QR-кодтау жүйесі енгізіледі

ЖОО-ның түлектеріне берілетін дипломға QR-кодтау жүйесі енгізіледі

Өзбекстанда жоғары білім туралы дипломдардың толық мәліметтер базасын қалыптастыру және диплом иелерінің жеке мәліметтерін қорғау мен біріңғай ақпараттық жүйені жасау бойынша ЖОО-ның түлектеріне мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде берілетін мемлекеттік үлгідегі бакалавр және магистр дипломдарын жеке QR-кодтау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Бұл жөнінде Министрлер Мекемесінің «Жоғары білім туралы бакалавр және магистр дипломдарының мемлекеттік үлгілерін бекіту туралы шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасы жарияланған болып, онда айтылуынша 2019/2020 оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарының барлық түлектеріне бакалавр және магистр дипломдарының мемлекеттік үлгілері енгізіледі.

Ал, жоғары білім туралы бакалавр және магистр дипломдары мен қосымшалардың мемлекеттік үлгілері әскери және арнаулы жоғары оқу орындарының түлектеріне кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

8 710
ӨзА