Биыл Өзбекстанда ЖОО-ға қабылдау тест сынақтары стадиондарда өтетін болды
Емтихандар күніне 2 рет (ауа-райы салқын кезде) өткенде, бәрі шамамен 12-14 күнде аяқтау жоспарланған
Бүгін 6 тамызда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев төрағалығында өткен жоғары оқу орындарына қабылдау мен жаңа 2020-21 оқу жылына дайындық мәселесіне арналған жиын өтіп, онда талапкерлерді ЖОО-ға қабылдау тест сынақтары стадиондарда өтетіндігі айтылды.
Президент баспасөз қызметінің хабарынша жабық ғимараттардың эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтінін және әлеуметтік қашықтық сақталса емтихан уақыты біразға дейін созылуын ескеріп, тест сынақтарын Ташкент пен Нүкіс қалаларында және облыс орталықтарындағы стадиондарда ұйымдастыру қолға алынатын болды. Осыған орай емтихандар күніне 2 рет (ауа-райы салқын кезде) өткенде, бәрі шамамен 12-14 күнде аяқтау жоспарланған.
Емтихан өткізу күнін жоғары оқу орындарына қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссия тарапынан Денсаулық сақтау министрлігі мен Мемлекеттік санитарлық қызметтің қорытындысы негізінде белгіленеді.
Биыл республиканың жоғары оқу орындарында бакалавр дәрежесіне 162 364 орын және магистратураға 10 425 орын бөлінген болып, жалпы 91 ЖОО-ға бакалавриат бағдарламасына 1 484 000 талапкер құжат тапсырған. Өткен жылмен салыстырғанда 39% -ға көп. Бұл дегені әр орынға 10,6 талапкерден тура келетінін көрсетеді.
Жаңа оқу жылынан бастап кем дегенде 35 мемлекеттік жоғары оқу орындарында бірінші курс студенттеріне білім беру кредиттік-модуль жүйесі бойынша жұмыс бастайды және елдегі 5 жоғары оқу орны беделді шетелдік университеттермен ынтымақтастықта тарнсформациялатын болады.
Тиісті министрліктер мен ведомстволарға тест сынақтарына өтетін стадиондарды мұқият дайындау мен ондағы өзгерістер жөнінде толық ақпараттарды талапкерлерге жеткізу тапсырылды.