ӨзА Қазақ

17.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы ЖОО-ры арасында оқу ақысы ең жоғарылары қайсылар?

Өзбекстандағы ЖОО-ры арасында оқу ақысы ең жоғарылары қайсылар?

Қазіргі таңда Өзбекстан аумағында 100-ден астам жоғары оқу орындары бар болып, олардың 85 жергілікті саналады. Қалған 17 білім ордасы шетелдік университет филиалдары.

Мемлкететтік тестілеу орталығы осы ордаларында бір жылдық оқу ақысы жайлы берген мәлімет тізімінде, 10 унивеситеттің 9-ы шетелдік ЖОО-ның филиалы. Тек біреуі ғана жергілікті жеке білім ордасы екен.

Бір жылдық төлем ақысы жоғары университет ретінде AKFA университеті көрсетіліп, онда жылдық оқу бағасы 58 миллион сум боп белгіленген.

Екінші орында, жақында ғана ашылу салтанаты болған Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатнастар институтының филиалы. Бір жылдық оқу бағасы 52 230 000 сумды құрайды.

Үшіншіде, Ташкент қалалық Инха университеті жайғасқан болып, ондағы жылдық төлем ақысы 30 миллион сум. Атаулы университет 2014 жылдан бері «Есептеу техникасы» және «Бағдарламалық жасақтама» бағыттары бойынша білім беріп келеді.

Төртінші орында, Ұлыбританияның Вестминстер халықаралық университеті орын алған. 2002 жылдан беріге өз жұмысын жалғастырып келе жатқан атаулы білім ордасында бір жылдық оқу ақысы 30 миллион сум.

Бесінші орын, Ташкент қаласындағы Сингапур менежмент институты. Жылдық оқу ақысы 28 800 000 сум.

Алтыншыда, 2009 жылы Өзбекстанда өз жұмысын бастаған Турин политехникалық университеті орналасқан. Қазірде бұл білім ордасы Машина жасау, Аэроғарыштық инженерия, Өнеркәсіптік құрылыс және сәулет, Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша білім беріп келеді және мұндағы бір жылдық оқу ақысы 28 500 000 сумды құрапты.

Жетінші орныда Кореяның Пучон университеті жайғасқан. 2018 жылдан беріге білім беруін жолға қойған оқу ордасында жылдық төлем 28 250 000 сум.

Биыл ғана жаңадан ашылған АҚШ-тың Орта Азиядағы алғашқы Вебстер университеті сегізінші орында екен. Білім ордасының жылдық оқу контракты 27 400 000 сум боп белгіленген.

Ташкент қаласында орналасқан Yeoju техника институты тоғызыншы орында болып, мұндағы оқу ақысы 26 000 000 сум.

Оныншы орынға Үндістанның әлемдегі бірнеше мемлекеттерде филиалдарына ие Amity университеті жайғасып, жылдық оқу ақысын 25 350 000 сум етіп белгілеген. 

32 288
ӨзА