ӨзА Қазақ

14.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда инновациялық университет ашылуы мүмкін

Өзбекстанда инновациялық университет ашылуы мүмкін

Заманның ағымына сай технологияның сәттік дамуы мен ілесе, ғылымның үздік жетістіктерінен тікелей хабардар боп өсер болашақ ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Өзбекстанда инновациялық университет құру жөнінде ұсыныс көпшілік талқысына қойлыды.

«Mening fikrim» (менің пікірім) қоғамдық ұсыныстар порталына жарияланған осы петицияда, қазіргі заманның алдыңғы шепкі цифрлық технологиялары мен жасанды интеллект, биотехнология және озық техникалық әзірлемелер мен материалдар адамзаттың болашағына қызмет етер саланы қамтитын білім ордасын ашу жайлы айтылған. Мұндағы жазылғанның бәрі бүгінгі таңда адамзатқа ең қажеттілігіллері екені белгілі, алайда осы айтылған барша технологиялар мен әзірлемелер бірнеше елдерде шығады. Ал Өзбекстан осындай техникалық құрылымдар импортына миллиардтаған долларды жұмсайды.

Осы жағдайларды ескере тұрып «Өзбекстанның алдыңғы қатарлы технологиялар университетін» құруды және онда жасанды интеллект, үй технологиясы, автомобиль технологиясы, медициналық технология, әскери технология, робототехника, биотехнология, материалдар технологиясы және оларға бағдарламалық жасақтама мен қамтитын факультеттерер ашумен қатар білім ордасына шетелден үздік мамандарды шақырту ұсынылған.

7 578
ӨзА