ӨзА Қазақ

03.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда алдағы уақытта талапкерлер тест сынақтарынсыз оқуға түседі

Өзбекстанда алдағы уақытта талапкерлер тест сынақтарынсыз оқуға түседі

Биыл Өзбекстанда білім саласы қайта реформаланып мүлдем жаңа кәсіптік білім беру жүйесі енгізілетіні жайында Мемлекет басшысы өз жолдауында айтқан болатын. 

Ондағы енгізілер жүйенің бір жаңа түрі шет тілдерінен (ағылшын, неміс, француз және шығыс) басқа өзбек тілі, орыс тілі, математика және басқа жалпы пәндерден де сертификат беру кезеңімен жолға қойылады.

Мемлекет басшысының өзі айтқандай, жастар кез-келген уақытта емтихан тапсырып өз деңгейіне лайықты балл қорытындысы көрсетілген күәлігін алып ЖОО-ға оқуға кірер кезде осы пәннен қайта сынақ тапсырудың қажеті болмайды. Бұл дегені талапкер ЖОО-ның бакалавр білім дәрежесіне тест сынақтарын тапсырмай-ақ конкурсқа қатысуға ие болады деген сөз.

Қазірде осы жаңа жүйе бойынша тиісті жұмыстар қолға алынып, биылдан бастап білім саласына енгізілетін болады. Ал, 2020-2021 оқу жылынан бастап ЖОО-да 3 жылдық бакалавр бағыты ашылады. Мемлекеттік гранттар саны екі есеге өсіп, нақты мамандықтарға қатысы болмаған пәндер екі есеге қысқартылады.

14 741
ӨзА