ӨзА Қазақ

21.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мектептерінде оқу жылы қашықтан оқытумен аяқталатын болды

Өзбекстан мектептерінде оқу жылы қашықтан оқытумен аяқталатын болды

Өзбекстанда 2019-2020 оқу жылы мектептерде онлайнды түрде аяқталады. Бұл Республикалық арнайы комиссияның шешімімен қабылданған.

Атаулы шешімге байланысты, халық ағарту жүйесінің ұйымдары мен мекемелерінде 2019/2020 оқу жылы «online-maktab» жобасы аясында ұйымдастырылған қашықтан телевизиялық видео сабақтармен аяқталатын болып, оқытушы-мұғалімдер қашықтан білім беру процесіне қажетті болған білім жүйесіндегі қызметкерлер өз жұмысын қашықтан жұмыс істеу (жалақысы төлене) арқылы жалғастыратын болады.

Еске сала кетсек, Өзбекстандағы орта білім беру мекемелері мен ЖОО-ның сабақ беру үрдісі елде карантиндік режимнің жариялануына байланысты қашықтан білім жүйесіне көшірілген болатын. 

8 742
ӨзА