ӨзА Қазақ

13.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан білім ордаларында қашықтықтан оқыту жүйесі енгізіледі

Өзбекстан білім ордаларында қашықтықтан оқыту жүйесі енгізіледі

Қашықтықтан білім алу бұл осы заманның бірегей талабы болып, жер бетіндегі қаншама жастың алысын-жақын етіп арман-мақсаттарына қол жеткізуге жол ашты.

Әлемнің көптеген елдеріндегі білім саласында кеңінен тараған осы жүйе биылғы 2020/2021 оқу жылынан бастап Өзбекстан ЖОО-да (Ташкент ақпараттық технологиялар университеті, Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті және Ташкент мемлекеттік заң университеті) сынақ ретінде тәжірибеден өтетін болады.

Ал осы жүйенің ел аумағындағы білім ордаларында қолданысқа енгізу шарасы 2021 жылдың 1 қаңтарында тәжірибе нәтижелерінің көрсеткіштеріне байланысты болмақ. Қазірге бұл жүйенің оқыту формалары мен бағдарламалық-аппараттық кешенін жасау және жоғарыда айтылған оқу орындарына қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етету процесі 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін белгіленген. Ал оның орындалуын Өзбекстан Республикасының Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігі мен Жоғары және орта арнайы білім министрлігі міндетіне жүктетілген.

11 453
ӨзА