ӨзА Қазақ

18.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкенттегі барлық студенттер үйі 19 наурызда толықтай карантинге жабылады

Ташкенттегі барлық студенттер үйі 19 наурызда толықтай карантинге жабылады

Ташкенттегі барлық студенттердің жатақханалары карантинге байланысты 19 наурздан толықтай жабылып, дезифекцияланады деп хабарлайды Жоғары және арнайы орта білім министрлігі.

Статистика бойынша Ташкент қаласы мен облысынан сырт басқа облыстардан келіп Ташкентте білім алушы студенттер саны 81 мыңға жуық болып, қазіргі уақтта олардың біразы өз үйлеріне оралған. 16 наурыздағы жарияланған карантинге байланысты қосымша транспорттар қатынауы жолға қойылып, тіпті студенттер үшін облыс әкімдері арнайы тегін рейстер ұйымдастыруда.

Бүгін Самарқанд және Әндіжан облысы студенттері өз мекендеріне тегін қайтатын болады. Ташкенттегі барлық білім жұрты 19 наурызда толықтай жабылады. Ал шет елдерден келіп оқитын студенттердің қайталмағандарына қажетті жағдай жасалып, қауіпсіз мекенген орналастырылады.  

Соңғы ақпарат бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 11 адамға жетті. Дәрігерлердің айтуынша науқастардың жағдайы ауыр емес.

14 884
ӨзА