ӨзА Қазақ

14.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте жаңа университет ашылады

Ташкентте жаңа университет ашылады

Халықаралық стандарттарға сәйкес жобаларды басқару, логистика, кәсіпкерлік, инновациялар, электрондық коммерция және экономика саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған Ташкентте «Британдық Менеджмент уиверситетін» құру жайлы Мемлекет басшысының қаулы жобасы талқылауға қойылды.

Университет заманауи зертханалық жабдықтармен, оқу және ғылыми әдебиеттер, жиһаздар, компьютерлік техника және оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу мен қатар педагогик кадрлардың кәсіби деңгейі мен сапасын ұдайы жақсарту, университеттің профессор-оқытушылар құрамын шет елдердің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өткізу және білктілігін арттыру сынды тетіктері қарастырылған.

Сондай-ақ, білім беру мен ғылымдағы сабақтастық пен дәйектілік қағидаттарына негізделген мамандар мен ғылыми кадрларды даярлау жүйесін және оның әлемдік білім мен ғылыми қауымдастыққа кірігу жүйесін дамыту, жетекші шетелдік оқу орындарымен, білім беру және зерттеу саласындағы ғылыми орталықтармен ұзақ мерзімді қатынастарды дамыту белгіленген болып, оқу орнындағы студенттердің инновациялық идеяларын жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту жағыда көрсетілген.

Атаулы оқу ордасының дипломы Ұлыбританияда өтетін болып, мұнда талапкерлерді қабылдау тәртібі мен ережесін университет басшылығы анықтайды. 2020/2021 оқу жылынан бастап өз жұмысына кірісер білім жұртының Жарлық жобасы 27 ақпанға дейін талқыланатын болады.


10 983
ӨзА