ӨзА Қазақ

02.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте Вебстер университетінің филиалы ашылды

Ташкентте Вебстер университетінің филиалы ашылды

Вебстер университеті – 1915 жыл АҚШ-тың батыс бөлігінде орналасқа Миссури штатының Сент-Луис қасында негіз салынған болып, қазірде әлемнің бірнеше елінде халықаралық филиалдары ашылған.

Өзбекстан Президентінің 2019 жыл 20 наурызындағы жарлығына сай Ташкентте Вебстер университетінің филиалын ашу жайында білім беру бағдарламаларын іске асыру орталығы құрылған еді. Сол ізгі бастама дер кезінде орындалып, университет белгіленген мерзімде ашылып, бұл салтанатты рәсімге университеттің бас корпусы кацлері Элизабет Строубл басшылығындағы делегация өкілдері қатысты.

Қазірде Орта Азия аймағында Ташкентте ашылған бұл университет биылғы 2019/2020 оқу жылына бакалавр дәрежесіне 14 білім бағыты бойынша және 16 магистрлік мамандықтарда кадрлар даярлау үшін 470 талапкерді қабылдап оқытуда. Оқу методикасы ағылшын тілінде болып, күндізгі бөлім мен қашықтықтан оқу бағдарламасыда енгізілген.

Вебстер университетінің әлемдегі халықаралық кампустары Тайланд, Шанхай, Лондон, Лейден, Вена, Женева және Ташкентте ашылған. 

7 686
ӨзА