ӨзА Қазақ

22.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте Ресейдің тағы бір оқу орнының филиалы ашылады

Ташкентте Ресейдің тағы бір оқу орнының филиалы ашылады

Биыл Өзбекстанда жаңа 18 ЖОО-ның ашылуы жоспарланған.

Осы жоспар бойынша 2020 жыл 21 қаңтар күні Ташкентте Санкт-Петербург қаласының А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің филиалын ашу жөнінде Жоғары және арнайы орта білім министрілігі және Өзбекстанның Мектепке дейінгі министрліктері арасында келісім жасалды.

Келісімге сай оқу орны 2020-2021 оқу жылынан бастап өз қызметін жолға қою көзделген болып, бакалавр және магистратура дәрежелік білім беруден тыс біліктілікті арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын жүзеге асырмақ. Сондай-ақ, күндізгі және сыртқы бөлімдерден басқа аралас оқыту (blended learning) методикасында енгізу жоспарланған.

Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті 1797 жыл негізі қаланған болып, елдегі жетекші педагок мамандар даярлаушы білім ордасы болып табылады. Қазірде университет құрамында екі зерттеу институты,11 факултет пен 12 институт (Балалық шақ институты, Дефектологиялық білім беру және оңалту институты, Театр, музыка және хореография институты) бар.

Өткен оқу жылы аясында Ташкентте Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатнастар институты филиалы ашылған болатын.

18 741
ӨзА