ӨзА Қазақ

13.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте Ұлыбританияның тағы бір оқу орны ашылмақ

Ташкентте Ұлыбританияның тағы бір оқу орны ашылмақ

Министрлер Мекемесінің 272-санды қаулысына сай Ташкентте Ұлыбританияның «British management university» оқу ордасының филиялы ашылатын болды.

ЖШС негізінде құрылған Британия менежмент университети 2020/21 жаңа оқу жылынан бастап өз студенттерін қабылдайтын болып, жыл сайын 20-дан астам талапкерге грант ұсынбақ.

Алғашқы кезеңде университет «Жобаларды басқару», «Логистика және жабдықтау тізбегін басқару», «Кәсіпкерлік және инновация», «Халықаралық электронды коммерция» және «Цифрлық экономика» бакалавриат бағдарламаларына студенттерді қабылдайтын болады.

Сондай-ақ, атаулы білім ордасы Лондон университетінің, Рединг университетінің (Ұлыбритания) және жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын енгізу мен олардың білікті профессорларын, ғалымдары мен мамандарын оқу процесіне тартуында негізге алған.

Оқу бағдарламасында дәрістер ағылшын тілінде өтеді және оқу ордасы ақылы негізде білім бермек. Бітіруш түлектерге Өзбекстанда жоғары білім туралы құжат ретінде танылған диплом беріледі.

5 704
ӨзА