ӨзА Қазақ

22.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте бизнес және менеджментті «TEAM» университеті ашылды

Ташкентте бизнес және менеджментті «TEAM» университеті ашылды

Негізгі бағыты кәсіпкерлік пен менеджмент саласына қатысты болса да, басқа салаларда жоғары білікті кадрларды даярлауға мамандандырылған Үкімет шешімімен Ташкентте жаңа «TEAM University» жеке ЖОО-ны құрылды.

Құрылтайшысы - TEAM University ЖШС саналушы бұл оқу ордасы, универсиетте оқу процесі мен ғылыми қызметті ұйымдастырудың негізін қалауда Times Higher Education және Quacquarelli Symonds версиясы бойынша ТОП–1000 рейтингіне кіретін әлемнің жетекші білім ордаларымен мемарандум орнататын болады.

2020/21 оқу жылынан алғашқы студенттерін қабылдайтын білім ордасында оқу процесі ағылшын, өзбек және басқа тілдерде өтетін болып, онда цифрлы технологиялар, қашықтықтан оқыту қызметтері, вебинарлар, онлайн режимінде оқыту, аралас оқыту және басқа заманауи әдістер мен тәсілдерді қолданылады. Университет талапкерлерді күндізгі, сырттай және кешкі бөлімдер негізінде оқуға қабылдап түлектерге Өзбекстандағы жоғары білім туралы құжат ретінде танылған үлгідегі диплом береді.

Сондай-ақ жоғары оқу орындарында оқыту ақылы негізде болғанмен заңды тұлғалар - әлеуетті жұмыс берушілер тарапынан берілетін білім гранттары, демеушілік көмек беретін басқа ресурстар есебінен жүзеге асырылады.

8 469
ӨзА